Анемияның алдын алу : қанның саулығын қалай сақтау керек

Анемияның алдын алу : қанның саулығын қалай сақтау керек

 

Анемия - бұл гемоглобин деңгейінің немесе қандағы эритроциттердің саны төмендейтін жағдай, бұл тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлауына әкеледі. Ең көп таралған түрі «темір тапшылығы анемиясы» болып табылады.

Бұл жағдайдың алдын алу бірнеше негізгі аспектілерді қамтиды:

    1. Рацион темірге және басқа да қажетті заттарға бай болуы тиіс:

- темірге бай өнімдер: майсыз қызыл ет, бауыр, балық, құс, бұршақ тұқымдас дақылдар (жасымық, үрме бұршақ), байытылған дәндер, қою жасыл жапырақты көкөністер;

- С витамині - темірді сіңіруге ықпал етеді, көздері - цитрус жемістері, жидектер, тәтті болгар бұрышы, қызанақ және т.б.;

- фолий қышқылы және В12 витамині эритроциттердің пайда болуы үшін қажет. Фолий қышқылы жасыл көкөністерде, бұршақ, цитрус жемістерінде, витамин В12 - ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқаларда болады.

    1. Дене белсенділігін арттыру, ол үшін тұрақты, қалыпты жаттығулар жасау қан айналымын және жалпы денсаулықты жақсартуға көмектеседі.
    2. Инфекцияның алдын алу шараларына- жеке бас гигиенаны сақтау, вакцинациялау және созылмалы ауруларды емдеу инфекциялардан туындаған анемияның алдын алуға көмектеседі.

Темірді сіңіруге кедергі келтіретін факторларды болдырмауды, мүмкіндігінше тамақ ішу кезінде шай, кофе, какао және жоғары кальций өнімдерін тұтынуды шектеуге кеңес береміз, өйткені олар темірдің сіңуін төмендетуі мүмкін. Егер темір мен кальций қоспаларын қабылдасаңыз, оларды тәуліктің әртүрлі уақытында қабылдау қажет.

Бала туатын жастағы әйелдер, жүктi әйелдер, балалар, жасөспiрiмдер және егде адамдар гемоглобин деңгейiн ұдайы тексерiп тұруы тиiс. Адам  организмінде темір тапшылығы анықталған жағдайда тек дәрігердің қабылдауында болып, дәрігер тағайындаған емін жүргізуге кеңес береміз.