Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2025 жылы 15 мамырда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының дезинфекциялық бөлімінің қатысуымен «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра», «Сарайшық», «Сарыарқа» аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының аумақтық бөлімшелерінің мамандарымен бірге Астана қаласы инфекциялық және паразиттік ауруларды тіркеу кезінде қорытынды дезинфекцияны ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында ошақты қорытынды дезинфекция бойынша қойылған сұрақтарға ұсыныстар мен жауаптар берілді.