2025 жылдың 2 мамырында Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде “Еуропалық иммундау апталығы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шара Еуропалық иммундау апталығы аясында өтіп, оған денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және дін саласының өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: вакциналау мәселелерінде халықтың ақпараттық деңгейін арттыру, халықты міндетті иммундауға тарту, ақпаратты теріс көзқарастағы адамдарға, оның ішінде ата-аналарға, діни консерваторларға жеткізу және осылайша жұқпалы аурулардың алдын алуға және адамдардың денсаулығын сақтауға бағытталған вакцина арқылы алдын алу табыстылығын қамтамасыз ету.
Елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева вакцинациялаудың маңыздылығы және халықтың барлық топтары, соның ішінде осал санаттар үшін вакциналарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел барысында бас тартушы аналар өз сұрақтарын қоюға мүмкіндігіне ие болып, оларға денсаулық сақтау өкілдері толық жауап берді.