Анонс!

Анонс!

АНОНС!  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылға арналған №4 - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытты іске асыру жобаларының картасына сәйкес 2025 жылғы 5 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелерін жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, барлық мүдделі тұлғалардан осы іс-шараға 2025 жылғы 5 мамыр күні сағат 15:00-де Астана қаласы, Достық көшесі, 13/3 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің акт залында (805 каб) немесе Qosyl платформасының делдалында қатысуды сұраймыз.

Іс-шараға қатысуға ниет білдірушілер сондай-ақ «Qosyl» платформасына қосылу сілтемесін алу үшін 8 (717) 279-57-12, 8 (777) 322-91-04 телефондары арқылы хабарласа алады.