"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы"бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы"бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен айқындалады.
Жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды алу үшін заңды немесе жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларда көзделген нысан бойынша портал арқылы өтініш жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
- осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
-осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес тәуелсіз аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмесі;
- объектінің кадастрлық паспорты (2023 жылғы 1 шілдеге дейін объектінің техникалық паспорты).
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметті үйден шықпай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алуға болады www.egov.kz, www.elicense.kz .(Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.egov.kz. интернет-ресурста орналастырылған).