Кеміргіштермен күресу - баршаның міндеті

Кеміргіштермен күресу - баршаның міндеті

Кеміргіштердің тіршілік ету ортасы әрқашан адамдармен тығыз байланысты. Егеуқұйрықтар мен тышқандар азық-түлік кәсіпорындарының әртүрлі қоймалары мен өндіріс орындарында, жертөлелерде және көпқабатты үйлерде, сондай-ақ жеке сектордағы үйлердің қосалқы құрылыстарын мекендейді. Ірі қалаларда бұл жануарлар кәріз желісін мекендеуге, құбырлар мен жерасты құрылыстарының ішінде қозғалуға қабілетті.

Кеміргіштер адамға үлкен зиян келтіреді, тамақ өнімдерін ластайды және жояды, ғимараттар мен жиһаздарды бұзады. Алайда, қалаусыз көршілер көптеген бактериялық және вирустық инфекциялардың қоздырғыштарын өздігінен тасымалдаушылар мен сақтаушылар ретінде үлкен қауіп төндіреді: оба, туляремия, ішек иерсиниозы, псевдотуберкулез, пастерелез, лептоспироз, листериоз, Ку безгегі, егеуқұйрық сүзегі, құтыру және т. б. Олар адамға осы аурулардың барлығын тек тікелей байланыс арқылы ғана емес, сонымен қатар тамақты, суды, тұрмыстық заттарды олардың секрециясымен жұқтыруы мүмкін.

Осылайша, жыл сайын Астана қаласында кеміргіштердің санын азайту және эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жеке тұрғын үйлерде және ашық аумақтарда кеміргіштерді жою жұмыстарым көктемгі айларында (үздіксіз дератизация) жүргізледі.

Құрметті елорда тұрғындары !

Сізге кеміргіштермен күресу іс-шараларымен айналысатын ұйымдардың қызметкерлеріне қолдау көрсету және көмек көрсету қажет, өңдеуден бас тартпаңыз, өйткені бұл сіздің эпидемиологиялық салауаттылығыңыз бен денсаулығыңыз!