Эндемиялық аймақтарға барар алдында неліктен вакцинация қабылдау маңызды

Эндемиялық аймақтарға барар алдында неліктен вакцинация қабылдау  маңызды

Жақсы саяхаттың кілті - саяхатқа сауатты дайындалу. Заттарды жинау, билеттерді сатып алу және қонақүйді дайындау – ескерілетін жағдайлардың  біреуі ғана.

Жұқпалы аурулар көптеп тіркелген аумақтарға барарда туристерге - саяхатта өмірді сақтайтын вакциналар алуға кеңес беріледі. Ыстық климаты бар көптеген елдерде - су, тамақ және лас қолдар арқылы инфекция тез жұғуы мүмкін. Басқа елдерде ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар жиі кездесетін болса, кейбір елдерде масалардың белгілі бір түрінің шағуы арқылы инфекциялар таралады. Бұл жағдайда оңтайлы нұсқа - қажетті вакцинацияларды қабылдау. Вакцинациядан кейін иммунитетті қалыптастыру үшін 2-4 апта қажет болатынын ескертеміз. Кейбір вакцинациялар бірнеше инъекциялардан тұратын болғандықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саяхатшыларға  сапардан 4-8 апта бұрын вакцинациялауды ұсынады.

Отандастарымыз тікелей барып дем ала  алатын елдердің саны жыл сайын артып келеді.

Африка мен Оңтүстік Американың бірқатар мемлекеттері (Габон, Конго, Камерун, Нигерия, Чад, Оңтүстік Судан, Боливия, Бразилия, Гайана, Колумбия, Перу және т.б.) елге кірген кезде сары безгекке қарсы вакцинация туралы халықаралық үлгідегі егу сертификатын көрсетуді талап етеді.  Осы инфекцияға қарсы егу міндетті болып табылады. Сары безгек ауруы қауіпті және емделмейді, тропикалық және субтропикалық елдерде жиі кездеседі, адамға масалардың шағуы арқылы беріледі.

Орталық Африкада, Оңтүстік Америкада менингококк инфекциясы таралған және көбінесе өлімге әкеледі. Сауд Арабиясы сияқты кейбір елдер кірген кезде менингококк инфекциясына қарсы егу туралы сертификатты талап етеді.

Антисанитарияға байланысты таралатын тағы бір инфекция-іш сүзегі. Эпидемия көбінесе Африка елдерінде, Оңтүстік Америкада, Азияда тіркеледі. Бұл мемлекеттерге ұшатын адамдар қауіпсіздігі үшін  сапарға шығардан  10-14 күн бұрын вакцинация алғандары дұрыс.

 Кене энцефалитін Қазақстанның кейбір ауиақтарында, Ресейдің, Еуропаның және т.б. елдердің көптеген аймақтарында жұқтыруға болады. Ол мүгедектікке және тіпті өлімге әкелуі мүмкін өте ауыр ауру. Вакцинация кене энцефалитіне эндемикалық аумақта демалуға баруды жоспарлап отырған адамдарға ұсынылады. Өзіңізді қорғау үшін екпелерді бір-жеті ай аралықпен жасау керек, бірақ аралықты екі аптаға дейін қысқартуға болады. Есіңізде болсын, егер сіз вакцинация алған болсаңыз, басқа  қорғаныс шаралары туралы ұмытпауыңыз керек. Сіз энцефалиттен қорғалғансыз, бірақ кенелер басқа да ауыр ауруларды жұқтыруы мүмкін. Сондықтан кенелердің шағуынан мүмкіндігіңізше қорғануыңыз қажет.

 Туристерге вакцинациядан басқа, аурудың ықтималдығын төмендететін бірқатар сақтық шараларын қолдануды ұсынамыз. Ең бастысы, ешкім сізге және Сіздің жақындарыңызға өзіңіздей жақсы қамқорлық жасай алмайтынын есте ұстаған жөн. Демалысыңызды жақсы өткізіңіз!