Айгүл Шағалтаева АМУ түлектерімен кездесу өткізді

Айгүл Шағалтаева АМУ түлектерімен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл  Шағалтаева Департаменттің аумақтық басқармалары басшыларының қатысуымен Астана департаментіне жұмысқа шақыру бойынша "Астана" Медицина Университетінің 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Айгүл  Шағалтаева Департаменттің және аумақтық басқармалардың құрылымы мен функцияларымен таныстырып, мемлекеттік қызметтегі жұмыстың мәртебесімен беделін атап өтті.

Университет студенттері бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.