«Құжаттама жасау, құжаттаманы  басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында семинар-сабақ өтті

«Құжаттама жасау, құжаттаманы  басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында семинар-сабақ өтті

2025 жылы 8 сәуірде Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары М.Қ.Арыспаевтың төрағалық етуімен Департаменттің ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің мамандары және Астана қаласы қалалық архивтың өкілімен бірлесіп Департамент және "Есіл","Нұра" аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары үшін  «Құжаттама жасау, құжаттаманы  басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

Семинар барысында мамандар қағаз жеткізгіштегі және электронды форматтағы құжаттарды, оның ішінде қызмет бабында пайдаланылатын құжаттарды тіркеу және өңдеу тәртібімен, құжаттарды (хаттарды, бұйрықтарды) ресімдеуге және ЭЦҚ пайдалануға қойылатын негізгі талаптармен таныстырылды. Сондай-ақ, істер номенклатурасын жасау, істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібі туралы айтылды. Ұйымның ведомстволық мұрағатына тапсыру үшін тұрақты сақталатын құжаттардың тігілімдерін көрнекі көрсету өткізілді.

Семинар барысында мамандар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.