Ойыншықтардың қауіпсіздігі Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 798 шешімімен бекітілген Кеден одағының 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (бұдан әрі - КО ТР) талаптарымен реттеледі.
КО ТР талаптарына сәйкес - ойыншық мақсатына сай қолданылған кезде балалардың және оларды бақылайтын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей және тәуекелдің жоқтығын қамтамасыз ететіндей етіп әзірленуі және жасалуы тиіс. Ойыншықтарды пайдалану қаупі балалардың жас ерекшеліктерімен байланысты болуы керек.
Ойыншық КО ТР талаптарына сай:
Ойыншықтың таңбалануында мына ақпарат қамтылуы керек:
Ойыншықты пайдалану кезінде ерекше сақтық шаралары керек жағдайда, ол туралы ескерту ақпараты болуы тиіс.
Ойыншықпен бірге жеткізілетін таңбалау және техникалық құжаттама Кеден одағына мүше мемлекеттің орыс тілінде және мемлекеттік тілінде орындалады.
Нарықта айналымға шығарар алдында ойыншықтар КО ТР қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан - сертификаттау түрінде өтуі тиіс.
Сертификаттауды Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі орган жүргізеді.
Сынақтарды сертификаттау мақсатында Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) жүргізеді.
Сәйкестік сертификаты комиссия бекіткен бірыңғай нысан бойынша беріледі. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі сериялық шығарылған ойыншықтар үшін-5 жылдан аспайтын, ойыншықтар партиясы үшін сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі белгіленбейді.
Дайындаушы (дайындаушымен ұсынылған уәкілеттік тұлға), импорттаушы Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай (ЕАС) белгісін қояды.
2024 жылы Астана қаласының департаменті өнімдерді бақылау арқылы сатып алу аясында Қытай және белгісіз өндірушілерінің 49 ойыншық сынамасын сатып алды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қытайлық және белгісіз өндірістің 53% немесе 26 ойыншық «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің талаптарына таңбалау (өндірушінің, импорттаушының атауы, шығарылған күні көрсетілмеген, затбелгі-аударма орыс және қазақ тілдерінде толтырылмаған; тауар белгісі, ЕАС белгісі жоқ ж/е т.б.) бойынша сәйкес келмеді. Сондай-ақ 3 сынамада («Крутой замес антистресс» ойыншығы, «LOL» broute 707» қуыршағы, «Лапка» ойыншығы) органолептикалық қасиеттері - иісі бойынша сәйкессіздік (зерттеу нәтижелері бойынша 3 балл, нормада «2 балдан аспау керек») анықталды. «Лапка» ойыншығы сынамасында сонымен қатар метил спиртінің концентрациясы 1,6 еседен артықтығы анықталды.
Департамент ата-аналарды ойыншықтарды таңдағанда мұқият болуға шақырады!