Қасиетті Рамазан айы – мұсылман халқы үшін тазару мен рухтың беріктігін көрсететін маңызды уақыт.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барша қазақстандықтарды жарқын Рамазан мейрамымен құттықтап, денсаулыққа қатысты қауіп-қатерді азайтуға көмектесетін ережелерді ұстануды ұсынады.
Егде жастағы адамдарға, созылмалы ауруларлармен ауыратын адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, балаларға оразадан бас тартуы керек. Егер Сіз ораза ұстауды шешсеңіз, денсаулығыңызбен байланысты күрделі проблемаларды болдырмау үшін бірқатар ұсыныстарды орындауыңыз қажет: артық физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, темекі шекпеңіз.
Ораза кезiнде қоректi заттардың, тұздар мен судың жеткiлiктi мөлшерiмен теңдестiрiлген диета маңызды, тамақ қарапайым және күнделiктi тамақтан қатты айырмашылығы болмауы тиiс. Рамазан күндері ағзаны әлсіретпеу үшін барлық қажетті қоректік заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, микро- және макроэлементтер) алу маңызды. Бұл ретте тағамда жеміс-жидек, нан және дәнді дақылдар, сүт және сүт өнімдері, балық және ет сияқты өнімдер болуы тиіс. Барлық өнімдер жас болуы тиіс.
Майлы және қуырылған тағамдардан бас тартқан дұрыс. Тамақ дайындау барысында майды майлы балықпен, зәйтүн майымен, ірімшікпен және тұздалмаған жаңғақпен алмастырыңыз.
Құрамында қант пен май көп болатын кондитерлік өнімдерді қолданбаңыз, оларды табиғи тәттілермен - құрғақ жемістермен, пастиламен, балмен алмастырыңыз.
Ағзаны қалыпты ұстауға тырысыңыз, ауызашарды құрма немесе судан бастаңыз, негізгі тамақты сорпадан, салаттан бастауды ұсынамыз. Күні бойғы аштықтан кейін жеңіл сіңетін тамаққа назар аудару қажет.
Ауызашар мен сәресі арасында денедегі сұйықтықтың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін мүмкіндігінше көп су ішуге кеңес береміз!
Таңертең сәресіні өткізіп алмауға тырысыңыз, өйткені бұл күні бойы қандағы қант балансын сақтау үшін өте маңызды. Құрамында ұзақ сағаттар бойы энергияны баяу босататын (дәнді дақылдар: арпа, бидай, сұлы, бұршақ және т.б.) күрделі көмірсутектері бар өнімдерді, баяу сіңірілетін клетчаткаға бай өнімдерді (кебек, астық дақылдары, жасыл бұршақ және т.б.), сондай-ақ ақуызға бай өнімдерді таңдауды ұсынамыз!
Рамазан айында теңдестірілген тамақтану денсаулықты және ағзаны сақтауға көмектеседі. Егер сізде созылмалы аурулар болса, денсаулық проблемаларын болдырмау және ораза кезінде дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету үшін дәрігер кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.