Мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастырудың негізгі ережелері

Мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастырудың негізгі ережелері

Бүгінгі таңда мектептегі тамақтану бүгінгі күнге дейін қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудағы ең өзекті тақырып болып табылады.

Өйткені, мектеп асханаларына оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Тек дұрыс әзірленген тамақтану рационы балалар мен жасөспірімдер денесінің өмірлік маңызды функцияларын - өсуді, физикалық және психикалық дамуды, иммунитетті қамтамасыз ете алады.

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Жалпы білім беретін ұйымдарда бірінші ауысымның білім алушылары

үшін бір-екі рет тамақтану – екінші таңғы ас немесе екінші таңғы ас пен түскі ас, екінші ауысымның білім алушылары үшін – бесін ас, ұзартылған күн топтары үшін – екінші таңғы ас, түскі ас және бесін ас ұйымдастыру қажет. Балалар тәулік бойы болатын кезде кемінде бес рет тамақтану көзделуге

тиіс.

Білім беру объектілерінде тамақ ішу арасындағы аралық 3,5-4 сағаттан аспауы тиіс.

Балалар мен жасөспірімдердің тамақтану рационында дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді.

Мәзірде бірдей тағамдарды, гарнирлерді немесе аспаздық өнімдерді бір күн ішінде және келесі күнтізбелік екі күнде қайталауға жол берілмейді.

Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер мен қант қосылады. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс етін күнтізбелік жеті күнде бір реттен сиретпей қосады.

Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы мен күнделікті ас мәзірін жасау бекітілген перспективалы ас мәзіріне сәйкес қамтамасыз етіледі.

Білім беру объектілерінің тамақтандыру ұйымдарында мыналарды дайындауға, өткізуге және пайдалануға жол берілмейді:

    • қатық, сүзбе, айранды; туралған ет қосылған

құймақтарды; флотша макаронды; зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді; кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде – қалуа, мармелад, пастила); морстар, квастарды; фритюрде қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (төрт компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; саңырауқұлақтарды; өнеркәсіптік емес дайындалған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін; тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды; газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда); фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нанды; ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша) дайындауға және өткізуге;

    • пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және

қаймақты; йодталмаған тұзды және құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұнын пайдалануға жол берілмейді.

Балалардың ұйымдастырылған ұжымдарында тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды мүлтіксіз сақтау - балалардың денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарты!