«Жазғы уақыттағы белсенділік ашық су айдындарында шомылумен және жемістердің пісуімен байланысты. Ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында қарапайым ережелерді сақтауға шақырамын», - деді санитариялық дәрігер.
- ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;
- жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- жемістер мен көкөністерді жемес бұрын оларды мұқият жуу керек;
- тек ресми рұқсат етілген жерлерде суға түсу, шомылу кезінде суды жұтып қоймауға тырысу;
- жеке тұлғалардан, сауда үшін белгіленбеген орындардан азық-түлік сатып алмау;
- аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдемей, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.