Әр үйдің өзіндік ерекше иісі бар екенін байқадыңыз ба? Бірақ оны өзгерткін келетін кез болады. Бұл ретте көмекке - хош иісті диффузорлар келеді . Бұл сізге сәйкес келетін хош иісті жасауға көмектесетін арнайы аксессуарлар. Ол қолмен, таяқшалармен таратылатын немесе автоматты, ультрадыбыстық болуы мүмкін.
Хош иісті диффузор ауаның сапасын жақсартуға, жағымсыз иістерді кетіруге және ішкі ауаны ылғалдандыруға көмектеседі. Хош иісті диффузорлардың негізгі пайдасы олар тарататын хош иістерде. Өнімнің құрамындағы табиғи майлар сапалы әсер етеді, сондықтан құрамында 30%-дан жоғары майлары және қауіпсіз парфюмерлік компоненттері бар, ацетат пен гликоль эфирінсіз өнімді таңдау керек.
Диффузор үйге зиянды ма? Табиғи майлардың орнына синтетикалық майлар қолданылса зиянды, бұл жағдайда аллергия немесе астма ұстамасын тудыру қаупі бар, өйткені синтетикалық қоспаларда әдетте майлардың өздері ғана емес, сонымен қатар спирттер мен эфирлер де болады. Диффузор құрамындағы сапасыз май немесе жалпы сапасыз композиция жүрек айнуын, бас ауруын және ісінуді тудыруы мүмкін, әсіресе жүкті әйелдерде.
Осыған байланысты, хош иісті диффузорды қолданар алдында, сіз және сіздің жақындарыңыз өнімнің зат белгісіндегі композицияны зерттегеннен кейін барлық ингредиенттерге жақсы төзетіндігіңізге көз жеткізіңіз; өндірушінің майларды қолдану мөлшері мен жиілігі туралы арнайы нұсқауларын орындаңыз, өйткені хош иісті майдың артық мөлшері жағымсыз жанама әсерлер тудыруы мүмкін; өнімге оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етіңіз.
Аромадиффузорлар тұрмыстық химия құралдарына жатады және № 299 санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарға) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (БСЭГТ) сай, қауіпсіздіктің санитариялық-химиялық, микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштеріне сынама үлгісін зерттей отырып, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Зерттеу нәтижелерінің негізінде сынақтар хаттамасы рәсімделеді, содан кейін қолданылу мерзімі қолданыстағы заңнамалық талаптар күшінде қалғанға және өндіріс технологиясы өзгергенге дейін өзекті болатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (МТК) тіркеледі. МТК Еуразиялық экономикалық одақты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелуге тиіс.
Процедураны өнімді дайындаушы немесе жеткізуші бастауға құқылы. Бірақ барлық өндірушілер өндірілетін өнімнің (тауардың) сәйкестігін бағалауды жүргізбейді және тауарды сәйкестік құжаттарынсыз сатады. Мысалы, Астана қаласында «MERCI DE FRANCE» өндірісінің «Диффузор «LOST CHERRY» өнімінің сәйкестік және қауіпсіздік құжаттарысыз және таңбалауды (таңбалауда өнімнің атауы туралы ақпаратты қамтылмаған; партиясы, дайындалған күні, қолдану тәсілі, өнімнің мақсаты, құрамы бойынша пайыздық қатынасы, өнімнің сәйкестендіру белгісі көрсетілмеген) бұза отырып сатылуда.
Халыққа күмәнді (нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарсыз және таңбалауды бұза отырып) сапасымен өнімнің сатулуы, мұндай өнімнің мақсаты бойынша қолданылуы қауіпті екендігін растайды, яғни бұл тұтынушыларды жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдармен алдау болып табылады.
Тұтынушыға кез келген өнімдердің (тауарлардың), оның ішінде ауа диффузорларының үлкен ассортименті ұсынылған мүмкіндік жағдайында, (сәйкестік құжаты (МТК) бар) «қауіпсіздік» жағына қарай таңдауболуы тиіс.
Осыған байланысты, Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларға, диффузорларды сатып алудан бұрын ол ЕАЭО сайтында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген бе және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (МТК) бар екендігін тексеру қажеттілігі туралы ескертеді!