Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей ақпаратты хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 147-бабы, 1-тармағына сәйкес Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру үшін объектіге келген бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары бақылау мен қадағалау субъектісіне:
1) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы акті болуы;
2) қызметтік куәлігі немесе сәйкестендіру картасының болуы;
3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсаты;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
Сонымен қатар, сіз өзіңіздің сматфонызға Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Qamqor» ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының мобильді қосымшасына қосылып тексеру мерзімі, тексерудін мәні туралы толық ақпаратты және т.б. ала аласыз.
Бұдан өзге, жеке әділетсіз азаматтар және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында бұрындары қызмет еткен қызметшілер тарапынан алаяқтық фактілерін болдырмау мақсатында, сіз Департаменттің персоналды басқару қызметіне 79-57-11 телефон нөміріне хабарласып тексеруге келген азамат Департамент немесе оның аумақтық басқармаларында жұмыс істейтіндігін анықтай аласыз.