Тұмау маусымына дайындық: вакцинация және алдын алу шаралары

Тұмау маусымына дайындық: вакцинация және алдын алу шаралары

             Тұмау маусымына дайындық: вакцинация және алдын алу шаралары


     2026 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалатаеваның қатысуымен «Тұмау маусымына дайындық: вакцинация және алдын алу шаралары» тақырыбында брифинг өтті.
     Брифинг барысында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың алдағы эпидемиялық маусымына дайындық, халықты тұмауға қарсы вакцинациялау және маусымдық инфекциялардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
     Жаңа эпидемиялық маусым қарсаңында елордада профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар инфекциялардың таралуын азайтуға, аурудың асқынуына жол бермеуге және тұрғындарға уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
      Кездесуде халықты алдын алу шаралары туралы хабардар етуге, вакцинацияның маңызын түсіндіруге және тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аударылды.