«Салауатты жұмыс орындары» семинары

«Салауатты жұмыс орындары» семинары

«Салауатты жұмыс орындары» семинары

    2026 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Есіл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің «№9 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне арналған «Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында семинар өткізді.

   📌 Семинар барысында жұмыс орнында қауіпсіз әрі қолайлы жағдай қалыптастыру, кәсіби тәуекелдердің алдын алу, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

   📌 Сонымен қатар, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған практикалық шараларға ерекше назар аударылды.

   💚 Салауатты жұмыс орны – қызметкерлердің денсаулығы мен ұйымның тұрақты дамуының маңызды негізі!