Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу және медициналық бұйымдарды стерильдеу мәселелері бойынша мамандарға арналған семинар.

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу және медициналық бұйымдарды стерильдеу мәселелері бойынша мамандарға арналған семинар.

Департаменттың бұйрығына сәйкес, Астана қаласының Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған оқыту іс-шараларының циклі аясында келесі тақырыптар бойынша семинарлар өткізілді:

   «Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, уақытша сақтауға және олармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар»;
    «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы орталық стерилизациялық бөлімшенің (ОСБ) жұмысын ұйымдастыруға және медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялауға қойылатын талаптар».

    Семинар барысында қолданыстағы санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру, оларды жинау, залалсыздандыру, уақытша сақтау және мамандандырылған ұйымдарға беру тәртібі жан-жақты қарастырылды.

     Сондай-ақ орталық стерилизациялық бөлімшенің қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау алдындағы тазалау кезеңдерінің сақталуына, оларды стерилизациялау тәртібіне, стерилизация сапасын бақылауға, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау барысында жиі анықталатын бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.