СЕМИНАР-ЗАНЯТИЕ

СЕМИНАР-ЗАНЯТИЕ

                                          СЕМИНАР-САБАҚ

       2026 жылғы 25 маусымда Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің және оның аудандық басқармаларының жаңадан және алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған мамандарына арналған «Этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу шаралары туралы»  тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.  

       Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында, сондай-ақ 2026 жылға арналған Әдеп жөніндегі өкілдің жұмыс жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

        Семинар барысында Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі өкіл Г.Ж. Тағаева және Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ж.К.Мейрамова баяндама жасады.

       Мемлекеттік қызметті реттейтін заңнаманы қатаң сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ Әдеп кодексі мен қызметтік этиканың жоғары стандарттары талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өздерінің лауазымдық міндеттеріне кіретін іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін сыйлықтар қабылдауға тыйым салуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуына ерекше назар аударылды, қабылданған шешімдерге әсер ету мүмкіндігіне байланысты өкілеттіктер, бақылау-қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде анықталған ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мысалдары келтірілді. Қатысушылардың назары тексерулер жүргізу кезінде ішкі бақылау мен этикалық стандарттарды сақтау қажеттілігіне аударылды.

         Семинардың қорытынды бөлімінде құқықтық және этикалық тәуекелдерге байланысты типтік жағдайларға талдау жүргізілді. Қатысушылар келіп түскен практикалық мәселелерді талқылап, қажетті түсініктемелер мен ұсыныстар алды.

       Семинар соңында қатысушылар сұрақ қойып, пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.