Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні

   Тагаева Гуляим Жақсыбайқызы

    Тагаева Гуляим Жақсыбайқызы еңбек жолын 1983 жылдан  денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында бастаған.

   Көп жылдар бойы аталған салада абыройлы еңбек етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып келеді. Жоғары кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығының арқасында әріптестері арасында зор құрметке ие.

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.

    Көп жылғы адал еңбегі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.

    Тагаева Гуляим Жақсыбайқызы - кәсіби тәжірибесі мол, жауапты басшы әрі қоғамдық денсаулық сақтау саласына саналы ғұмырын арнаған білікті маман.