Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні

    Смагулова Гулбарам Хозақызы

    Смагулова Гулбарам Хозақызы еңбек жолын 1982 жылғы 31 тамызда Ақмола облысы Қорғалжын аудандық ауруханасында бас медбике кабинетінің санитары қызметінен бастады.

    Көп жылдар бойы денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында абыройлы еңбек етіп, кәсіби тәжірибесі мен жауапкершілігі арқылы сала дамуына өз үлесін қосып келеді.

     Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

    Кәсіби қызметі барысында Гулбарам Хозақызы эпидемиологиялық бақылау, инфекциялық аурулардың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында жауапты жұмыстар атқарып келеді.

    Смагулова Гулбарам Хозақызы — өз ісіне адал, тәжірибелі әрі жауапты маман, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына лайықты үлес қосып келе жатқан білікті қызметкер.