Медицина қызметкерлері күні

Медицина қызметкерлері күні

    Арыспаев Мұхамғали Қайыржанович

    Мұхамғали Қайыржанович 1989 жылдан бері санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласына өз кәсіби ғұмырын арнап келеді.

     Ол ұзақ жылдар бойы адал еңбегімен, жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне деген шынайы берілгендігімен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

     Қазіргі уақытта Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.

     Мұхамғали Қайыржанович — ведомстволық наградалардың иегері. Бұл — оның денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық еңбегі мен кәсіби жетістіктеріне берілген лайықты баға.

    Cізді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат және ел игілігі жолындағы абыройлы еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!