2026 жылғы 29 мамырда мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты өзекті мәселелер, соның ішінде рұқсат беру құжаттары мен лицензияларды рәсімдеу мәселелері қаралды. Қатысушыларға жан-жақты түсіндірме ақпарат ұсынылып, қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар тарапынан көтерілген өзге де өзекті тақырыптар талқыланды.
Іс-шараға Қуанышбеков Н.Д. — Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, Чо-зо-и А.В. — Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қатысты.