Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылғы 25 мамырда Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен оқыту семинарын өткізді.

       Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Қызметі тамақтандыру, тұру, медициналық көмек көрсету, балаларға білім беру, тәрбиелеу және сауықтырумен байланысты, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілер мен объектілерге қатысты бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі.
  2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау процестерін автоматтандыруға, сондай-ақ эпидемиялық маңызы жоғары бақылаудағы объектілер мен өнімдер бойынша деректерді тиімді басқаруға арналған «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімінің функционалдық мүмкіндіктерін түсіндіру.

         Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен профилактикалық қадағалауды жүргізудің негізгі тәсілдері тақырыбында Департамент басшысының орынбасары М.К. Арыспаев сөз сөйледі. Ол тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын қолдану, профилактикалық бақылауды жүргізу, сондай-ақ бизнес объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

         Сондай-ақ семинарда Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Г.А. Есжанова, Нұра ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мейрманова А.С., сондай-ақ «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін жеткізуші өкілі Н. Тюлюбай баяндама жасады.

         Іс-шара барысында қатысушыларға санитариялық-эпидемиологиялық заңнаманың негізгі талаптары, білім беру және тәрбиелеу объектілерінде ерекше тәртіп бойынша бақылау жүргізу тәртібі, сондай-ақ «СЭҚ» сервистік бағдарламалық өнімін пайдаланудың практикалық аспектілері түсіндірілді.

         Кәсіпкерлер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.