Құрбай айт кезінде санитарлық талаптарды сақтау

Құрбай айт кезінде санитарлық талаптарды сақтау

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға бірқатар санитариялық талаптарды сақтау қажеттігін еске салды.

Мал сою тек арнайы белгіленген орындарда жүргізілуі тиіс. Құрбандыққа тек ветеринариялық тексеруден өткен, клиникалық тұрғыдан сау мал ғана жіберіледі. Ал ет міндетті түрде ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуі қажет.