10 мамыр — Денсаулық пен қозғалыс күні.
Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті салауатты өмір салтын ұстану — қоғам денсаулығын сақтаудың маңызды негіздерінің бірі екенін еске салады.
Тұрақты дене белсенділігі, дұрыс тамақтану және күнделікті қозғалыс — денсаулықты нығайтып, өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.
Әрбір азаматты өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, белсенді өмір салтын ұстануға шақырамыз.
Денсаулық — ұлттың басты байлығы.