Әдеп жөніндегі кеңестің есептік отырысы

Әдеп жөніндегі кеңестің есептік отырысы

Әдеп жөніндегі кеңестің есептік отырысы

2026 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің есептік отырысы өтті. Отырысқа Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, сондай-ақ Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қатысты.

Отырыста Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2024–2025 жылдардағы және 2026 жылдың I тоқсанындағы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыс нәтижелері қаралды.

Қатысушылар қабылданып жатқан шараларды талқылап, қызметтік тәртіпті одан әрі нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша міндеттерді айқындады.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау және профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.