Еуропалық иммундау апталығы аясында Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы халық арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осы бағыттардың бірі ретінде «Astana Clinic» ЖШС-не тіркелген студенттер мен халық арасында сауалнама жүргізілді. Негізгі мақсат — вакцинация туралы хабардарлық деңгейін, екпеге деген көзқарасты, сондай-ақ олардың егу мәртебесін анықтау.
Мұндай сауалнамалардың нәтижелері білімдегі олқылықтарды анықтауға, кең таралған мифтерді жоққа шығаруға және иммундауға деген сенімді арттыру бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді. Себебі вакцинация — жұқпалы аурулардың алдын алудың, денсаулықты сақтаудың және эпидемиялардың таралуына жол бермеудің ең тиімді әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі.
Баршаңызды өз денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарап, уақытылы вакцина алуға шақырамыз!