Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Байқоңыр ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, 12 мектеп базасында семинар өткізді.

      Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Ауа-тамшы арқылы таралатын инфекциялар мен вирустық гепатиттің алдын алу», «Жіті ішек инфекцияларының алдын алу», «Иммундау профилактикасы. Вакциналар әрбір ұрпақ үшін тиімді», «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Тағамнан уланудың алдын алу», «Натрийді шамадан тыс тұтынудың халық денсаулығына әсері».
      Семинарға мектеп директорлары, асхана меңгерушілері және медицина қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары қарастырылды.
      Сонымен қатар, 2026 жылғы 19–25 сәуір аралығында өткізілетін «Иммундаудың еуропалық апталығы» тақырыбына ерекше назар аударылды.
      Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптар берілді.