Еуропалық иммундау апталығының негізгі мақсаты

Еуропалық иммундау апталығының негізгі мақсаты

Еуропалық иммундау апталығының негізгі мақсаты – вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулар туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ медициналық қызметкерлерге және жалпы иммундауға деген сенімді нығайту

Қазақстанда Вакцинация:

  • Елде Ажәне В вирустық гепатиті, қызылша, қызамық, полиомиелит, туберкулезжәнет.б. сияқты21жұқпалы аурудан қорғауды қамтитын Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі бар.
  • Вакцинация ақпараттандырылған келісімді алғаннан кейін бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.
  • Өмір бойы үздіксіз қорғаудың маңыздылығына баса назар аударылады.

Апта шеңберінде Астана қаласын қоса алғанда, бүкіл ел бойынша өткізіледі:

  • Вакцинация туралы қате түсініктерді жою үшін «Мифтерден фактілерге» ақпараттық науқандар.
  • Медицина қызметкерлерінің брифингтерімен баспасөз конференциялары.
  • Ұлттықегукүнтізбесімәселелері бойынша халыққакеңес беру.
  • Пациенттерменқарым-қатынас мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары.