«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» оқыту семинары »

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты»  оқыту семинары »

2026 жылғы 26 наурызда Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және оның аудандық басқармаларының мамандары үшін «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен қызметтік міндеттерді орындау барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, болдырмау және жолын кесу мәселелері қаралды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аудандық басқармаларының мамандары тарапынан бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және әкімшілік шараларды қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.

Семинарды Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Шағалтаева А.Қ. ашып, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен есептілігіне қойылатын талаптардың артуы жағдайында қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және кәсіби қызмет барысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Шақырылған спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Балғабеков Б.Н. және осы департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айтуева А.Қ. сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қызметтік өкілеттіктеріне байланысты әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін сыйлықтар мен өзге де сыйақыларды қабылдауға тыйым салуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу барысында анықталатын ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің мысалдары қарастырылды. Тексерулер жүргізу кезінде ішкі бақылау мен әдеп нормаларын сақтау қажеттігіне қатысушылардың назары аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.