Иә! біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!

Иә! біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!

2026 жылғы 24 ақпаннан 24 наурызға дейін туберкулезге қарсы күрес айлығы өтуде. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы аясында жүзеге асырылуда және халықтың ауру туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ профилактикалық шараларды күшейтуге және туберкулез ауруын ерте анықтауға бағытталған.

Акция келесі ұранмен өтуде: Иә! біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!

Айлық барысында профилактикалық мәселелер бойынша ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар, профилактикалық медициналық тексерулер, емдеу мекемелерінде ашық есік күндері, арнайы мамандардың кеңестері жоспарланған.

Туберкулез – ерте анықталса, сәтті емделетін жұқпалы ауру. Тұрғындарды денсаулықтарына мұқият болып, профилактикалық скринингтерден жүйелі түрде өтуге шақырамыз.