Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын, мемлекеттік тіркеуге жататын (балалар тағамына арналған тамақ өнімдері, оның ішінде балалар тағамына арналған ауыз су)

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2026 жылдың басынан бастап «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың)», мемлекеттік тіркеуге жататын жекелеген өнімдердің (тауарлардың): арнайы тағамдық өнімдерінің, балалар тамақтануына арналған ауыз судың, емдік-асханалық минералды судың, емдік табиғи минералды судың жарнамасын жарнамасының айналымын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын, интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді күнделікті бақылау арқылы мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігіне мониторинг жүргізіліп келе жатыр.

Мониторинг барысында 64 жарнама таратушылар анықталып, 156 заңнаманы бұза отырып жарнамаланған өнімдер анықталды, жарнама таратушыларға ұсыным хаттар жіберілді. Сонымен қатар, басқа да Департаменттерге аталған өнімдердің жарнамаларына қатысты 8 хат жолданды. Департаменттің фейсбук сайтына және инстаграм парақшаларына, газетке мақалалар жарияланып, тікелей эфир арқылы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.