
Қазіргі таңда халық денсаулығы тек қана медициналық көмек берудің деңгейімен ғана емес, сонымен қатар адам өмір сүретін әрі еңбек ететін және балаларымызды тәрбиелейтін ортаның жағдайымен анықталады. Осыған негізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» халықаралық жобасының маңыздылығы күннен күнге артып келеді.
Көбінесе адам денсаулығына әсер ететін факторлар өмір салтымен және қоршаған ортамен тығыз байланысты. Ауаның сапасы, жасыл аймақтардың барынша мол болуы, жол қозғалысының қауіпсіздігі, дене белсенділігіне арналған жағдайлар әрі дұрыс тамақтану, психоэмоционалдық ахуал - мұның барлығы дерлік сырқаттанушылық деңгейіне, әсіресе инфекциялық емес ауруларға (қанайналым жүйесі аурулары, қант диабеті, онкологиялық аурулар) тікелей әсер етеді.
Кез келген адам денсаулықты сақтау мен нығайтуға ықпал ететін ортаны қалыптастыруға өз үлесімізді қосуға мүмкіндігіміз бар:
Таза ауа, абаттандырылған аулалар, жасыл аймақтар мен қауіпсіз көшелер – салауатты қаланың негізі көрінісі. Көгалдандыру бастамаларын қолдау жұмыстары, экологиялық акцияларға белсенді қатысу, қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау ортақ ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады.
Жаяу жүргінші жолдары, веложолақтар, спорттық және балалар алаңдары қолжетімді әрі қауіпсіз болуы тиіс. Күнделікті жұмысқа немесе мектепке жаяу барудың өзі жүрек-қан тамырлары және басқа да инфекциялық емес аурулардың алдын алуға тікелей ықпал етеді.
Сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді таңдау, тұзды, қантты және трансмайларды тұтынуды азайту арқылы созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетудің маңызды қадамы іске асады. Бұл негізінен мектептер мен еңбек ұжымдарындағы дұрыс тамақтану бағдарламаларын қолдау жалпы нәтижені күшейтеді.
Темекіден бас тарту, алкогольді шектен тыс тұтынбау, профилактикалық тексерулерден уақтылы өту – әрбір адамның өзіне деген жеке жауапкершілігі. Сонымен қатар, ақпараттық қолдау мен қалалық профилактикалық бағдарламалар салауатты өмірді насихаттауға қолжетімді етеді.
Салауатты қала ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы қалыптасады: әкімдік, мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық бірлестіктер өзара бірлесе отырып әрекет етуі тиіс. Жол салудан бастап мектеп ашуға дейінгі кез келген басқарушылық шешім халық денсаулығына ықпалы тұрғысынан бағалануы әрі саралануы қажет.
Денсаулық біз өмір сүретін ортада қалыптасады. Таза аула, қауіпсіз көше, отбасыңмен белсенді демалыс және өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарау – «салауатты қаланы» құрудың нақты қадамдары екендігін естен шығармау маңызды.
Салауатты қала – әрбір адамнан басталады.