
ҚҰТЫРУ (ГИДРОФОБИЯ) - орталық жүйке жүйесін зақымдап, өлім жітімге апаратын қауіпті жұқпалы ауру болып табылады.
Республикада құтыру ауруы бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда, соңғы 10 жыл ішінде 22 адам құтырмамен ауырып қайтыс болған. 2025 жылы Қазақстан Республикасында адамдар арасында өліммен аяқталған құтыру ауруының 3 жағдайы тіркелді. 2025 жылы қайтыс болған адамдардың екеуі өзінің иті мен мысығынан, біреуі – белгісіз мысықтан жарақат алған. Жануар тістегенінен кейін құтырма ауруына шалдыққандардың үшеуінің де медициналық көмекке жүгінбегені, құтыруға қарсы егіс қабылдамағаны, аурудың өршуіне және өлім жітімге әкелген.
Адамдар арасында құтыру ауруы көбіненсе үй жануарларынан таралады. Әсіресе, қаңғырып жүрген үй жануарлары ит, мысық және жабайы жануарлар көп қауіп тудырады. Құтыру ауруы жануар тістегенде ғана емес, ауру жануардың сілекейі зақымдалған теріге немесе сілекей шырышына түскенде, сондай-ақ тұтас етті бұзу кезінде, ауру жануарлар сілекейлеген заттар арқылы жұғады. Құтыру ауруының вирусы жануардың сілекейі арқылы бөлінеді. Осылайша, олар қауып алғанда, сондай-ақ тырнағанда немесе сілкейінің жарақаттарға түсуінен жұқтырып алуы мүмкін. Жарақатқа түскен вирус жұлын мен миды зақымдайды. Вирус ағзаны зақымдаған сәттен және ауру басталғанға дейін 3 күннен бір жылға дейін уақытқа созылуы мүмкін.
Жануар тістеген немесе тырнаған жағдайда не істеу керек?
Дереу 10-15 минут ішінде жарақатты сабынды сумен мұқият жуу қажет. Жарақат ернеуіне 5 % йод тұнбасын жағыңыз. Зарарсыздандырылған таңғышты байлап дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Құтыру вирусын жұқтыру мүмкіндік қаупін тек дәрігер (хирург, травматолог) анықтайды және тістеу жағдайы, жануардың иесі туралы деректерді дәрігерге жеткізгеніңіз өте маңызды.
Құтыруға қарсы вакцинация травматологиялық пункттерде және емханаларда тегін жүргізіледі. Белгіленген вакцинация курсын мезгілімен қабылдау қажет. Вакцинация кестесі бойынша бес екпе алсаңыз жеткілікті, егістер «0», «3», «7», «14», және «28» күндері жасалады. «Жануар сау» туралы ветеринарлық тұжырымдама негізінде дәрігер иммундау курсын қысқарта алады. Адамның құтыруын тек профилактикалық егулермен алдын алуға болады, олардың тиімділігі медициналық көмекке жүгіну мерзіміне байланысты. Есіңізде болсын, тек уақтылы жүргізілген антирабиялық вакцинация құтыру ауруының алдын алады! Вакцинацияның үзілген курсы адамды құтырудан қорғауға кепілдік бермейді.
Жануар иесі иттер мен мысықтарды ұстау ережесін сақтауға міндетті (тіркеу, жануарларды міндетті түрде құтырмаға қарсы егіспен қамтамасыз ету). Жануардың иелері басқа адамдардың алдында жауапты.
Осы шарадан басқа, барлығына қатысы бар жағдай:
Өз денсаулығыңыз бен балаларыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз!