
Теміртапшылық анемиясы — әлемде ең кең таралған жағдайлардың бірі, алайда ол көп жағдайда байқалмай қалады. Бұл жағдай миллиондаған адамдардың, әсіресе әйелдер мен балалардың, жалпы жағдайына, еңбекке қабілеттілігіне және өмір сүру сапасына елеулі әсер етеді.
Анемия — ағзада темірдің жеткіліксіздігіне байланысты гемоглобин деңгейінің төмендеуімен сипатталатын жағдай. Гемоглобин — оттегіні барлық ағзалар мен тіндерге тасымалдайтын маңызды зат. Оның азаюы нәтижесінде ағзада оттегінің жеткіліксіздігі пайда болады.
Теміртапшылық анемиясы кезінде келесі белгілер байқалуы мүмкін:
Аталған белгілер көбінесе қарапайым шаршау ретінде қабылданып, анемия ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалуы мүмкін.
Теміртапшылық анемиясына бейім адамдар: белсенді өсу кезеңіндегі балалар мен жасөспірімдер; бала туу жасындағы әйелдер; жүкті және бала емізетін әйелдер; егде жастағы адамдар; асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар тұлғалар.
Теміртапшылық анемиясынан қалай сақтануға болады?
Бұл өнімдерді темірге бай тағамдардан бөлек уақытта тұтынған жөн.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықтың тамақтануындағы микронутриенттер тапшылығының алдын алу жөніндегі ұсынымдарын ұстанады.
Тиімді шаралардың бірі — жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұнын міндетті түрде фортификациялау.
Ұн Қазақстанда негізгі тағам өнімдерінің бірі болып табылатындықтан, оны фортификациялау арқылы халықтың кең ауқымын, оның ішінде әлеуметтік осал топтарды да тамақтану әдеттерін өзгертпей-ақ қамтуға мүмкіндік бар.
Өндіріс процесінде ұнға құрамында: темір, фолий қышқылы, В тобының дәрумендері, мырыш
бар витаминді-минералды премикстер қосылады.
Қазіргі уақытта тағам өнімдерін фортификациялау теміртапшылық анемиясын қоса алғанда, әртүрлі тапшылық жағдайларының алдын алуда ең тиімді шаралардың бірі болып табылады.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті күнделікті тамақтануда фортификацияланған өнімдерге басымдық беруді, денсаулықты сақтаудың және аурулардың алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ұсынады.