Айгүл Шағалтаева 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылға міндеттері бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді

Айгүл Шағалтаева 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылға міндеттері бойынша кеңейтілген жиналыс өткізді
🔰 Бүгін елордалық СЭБД басшысы Айгүл Шағалтаева 2025 жылғы қызметті қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өткізді. Аталған кеңеске СЭБД басшы орынбасарлары мен бөлім басшылары, сондай-ақ, аудандық СЭББ басшылары мен олардың орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔰 Департамент басшысы өзінің кіріспе сөзінде өткен жыл барлығына оңай болмағандығын және жұқпалы аурулардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қандай күш жұмсалғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол бақылау-қадағалау қызметінің орындалуы және ұжымдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде айтты.
🔰 «Штат бірліктерінің жеткіліксіздігіне қарамастан, алға қойылған міндеттер орындалды деп санаймын. Дегенмен, ағымдағы жылы жұмыс сапасын арттыру қажет, өйткені бірқатар кемшіліктер әлі де орын алуда», — деп атап өтті елорданың бас санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева.
🔰 Кеңестің бағдарламасына сәйкес әр түрлі блоктар бойынша СЭБД басшысының үш орынбасары өз баяндамаларымен сөз сөйледі. Орынбасарлардың сөз сөйлеуі барысында бірқатар мәселелер талқыланып, ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды.