Астана қаласында қызылша бойынша эпидахуал мәселелері талқыланған штаб отырысы өтті.

Астана қаласында қызылша бойынша эпидахуал мәселелері талқыланған штаб отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен және Білім басқармасымен бірлесіп, қалалық штабтың кезекті отырысын өткізді. Отырысқа МСАК медициналық ұйымдарының басшылары, политехникалық колледж, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептердің басшылары қатысты.
Елордадағы қызылша бойынша өзекті эпидемиологиялық ахуал және иммунопрофилактиканың жай-күйі туралы баяндамамен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева сөз сөйледі.
Сондай-ақ «СИТИ» емханасы, “Казахстанская социально-медицинская компания “ЖАНҰЯ” жауапкершілігі шектеулі серіктестіг, №6 қалалық емхана, №53 және №86 орта мектептер, сондай-ақ Астана қаласының Политехникалық колледжі басшылары сөз сөйлеп, 2026 жылғы 27 қаңтардағы Эпидемиялық қарсы шаралар №1 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес қабылданып жатқан шаралар туралы (қызылшаның әрбір жағдайы бойынша есептілік, қосымша иммундау, қуып жету иммундауы) баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша МСАК медициналық ұйымдарына және Астана қаласының Білім басқармасына қарасты нысандарға қызылшаға қарсы эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және жоспарлы профилактикалық егулермен қажетті қамтуды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.