
Департаменттің бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау объектілерінде бақылау және қадағалау жүргізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының құзыреттілігін арттыру және оларға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында 28 қаңтар күні семинарлар циклының алғашқысы өткізілді.
Семинардың тақырыбы – «Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары. Денсаулық сақтау объектілеріне бақылау жүргізу кезіндегі нормативтік-құқықтық актілер».
Іс-шара қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын түсіндіруге және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған.