Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алудың ережелері талқыланды

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алудың ережелері талқыланды

2026 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтың төрағалығымен Департаменттің аудандық техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің Басқарма мамандарына «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №46 бұйрығы», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 69 бұйрығы» және «2025 жылға арналған іс-шараларды талдау» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында нормативтік құқықтық актілерді қайта қарстырып 2025 жылғы бақылау мақсатында сатып алу жұмысының және Басқармалардың атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы талқыланды.

Бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 2026 жылға ұсынылған азық-түлік және азық-түлік емес өнімдерді сатып алу жоспарының сапалы және уақытылы орындалуы бойынша ұсыныстар берілді.
Семинар барысында мамандар бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.