«Крещение Господне» діни мерекесі кезеңіндегі жаппай шомылу

«Крещение Господне» діни мерекесі кезеңіндегі жаппай шомылу
Жыл сайын 19 қаңтар күні көптеген діндарлар христиан дініндегі Крещение Господне мерекесін атап өтеді.
Қаламызда жаппай шомылуды қауіпсіз өткізу мақсатында мұз ойықтары Есіл өзенінің сол жағалауында, Астаналық саябақтың жағалауы мен қалалық жағажай аумағында жабдықталады. Шомылу орындарына кіру белгіленген уақыт аралығында жүзеге асырылады, ал купельдерге апаратын жолдар арнайы жабдықталған өткелдер арқылы ұйымдастырылады.
Купельдер барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес дайындалады. Іс-шара өтетін орындарда ТЖМ қызметкерлері, Полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары кезекшілік атқаратын болады. Қатысушыларға қоғамдық тәртіпті сақтап, төтенше және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындау ұсынылады.
Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен жаппай шомылуға дайындық барысында, Есіл өзенінің су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг бойынша зертханалық зерттеулерге су сынамалары алынды. Сонымен қатар, іс-шара өтетін орындар мен қатысушыларға қызмет көрсететін тамақтану нысандарының санитариялық жағдайына бақылау жүргізіледі.
Мұз ойығында шомылу денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қатысушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Суға түсер алдында ағзаны жылыту үшін жеңіл дене жаттығуларын жасау ұсынылады. Суда болу уақыты мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс, бұл тоңып қалудың алдын алуға көмектеседі.
Тыйым салынады:
• жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі аурулары, қант диабеті және басқа да созылмалы аурулары бар адамдардың мұз ойығында шомылуына;
• балалардың шомылуына;
• белгіленбеген және арнайы жабдықталмаған орындарда шомылуға;
Ұсынылады:
• крещендік шомылуға қатыспас бұрын дәрігерден кеңес алу;
• шомылғаннан кейін сүлгімен мұқият құрғатып, құрғақ ауыстыратын киім кию;
• шомылғаннан кейін ыстық шай ішу.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын крещендік шомылуға жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және өз денсаулығына мұқият болуға шақырады.
Осы ұсыныстарды сақтау қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.