Елордадағы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидахуал

Елордадағы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидахуал
2025 жылғы 2 қазаннан басталған эпидемиологиялық маусымның басынан бері елордада ЖРВИ-дің 116 048 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7591,3-ті құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 %-ға жоғары болды. Ауырғандардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды — 62 % (71 255 жағдай), олардың ішінде 2736-сы бір жасқа толмаған балалар.
Маусым барысында «ЖРВИ/тұмау» диагнозымен барлығы 3003 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 330 жүкті әйел (11 %) және 983 бір жасқа дейінгі бала (33 %).
Респираторлық вирустардың айналымына жүргізілген зертханалық мониторинг аясында ЖРВИ және тұмаумен ауырған науқастардан алынған 417 үлгі зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша тұмаудың A(H3N2) вирусына тән 206 оң нәтиже және COVID-19-дың 7 жағдайы анықталды.
Барлығы «Гриппол+» вакцинасымен 151 469 адам вакциналанған, бұл жалпы халықтың 10 %-ын құрайды.
ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елорданың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері сырқаттанушылықты азайту мақсатында шаралар қабылдап, 2025 жылғы 19 қарашада №1 «Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу» туралы Қаулыны қабылдады. Қаулыға сәйкес азаматтарға мына ұсыныстар берілген:
• аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда емханадағы сүзгі кабинеттеріне дер кезінде жүгіну;
• аурушаңдық арту кезеңінде адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;
• ЖРВИ белгілері байқалғанда медициналық маска қолдану;
• ауру белгілері бар балаларды мектепке немесе балабақшаға жібермеу;
• қолды жиі жуу, үй-жайды желдету, жиі пайдаланатын беттерді дезинфекциялау сияқты гигиеналық шараларды сақтау.
Департамент эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастырады және қала тұрғындарын өз денсаулығына және айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.