Астананың санитариялық қызметі — тек денсаулық туралы ғана емес, мәдениет жайында да жырлайды: маманның Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесі

Астананың санитариялық қызметі — тек денсаулық туралы ғана емес, мәдениет жайында да жырлайды: маманның Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай еліміздің мәдени және әдеби кеңістігінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» акционерлік қоғамы әзірлеген adebiportal.kz – “Әдебиет порталы” жобасы болды. Осы жобада Департаменттің Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы Тажимуратова Фариза порталдың редакторы ретінде үлес қосып, Абай шығармашылығын кеңінен насихаттауға бағытталған материалдардың сапалы дайындалуына, тілдік және стилистикалық тұрғыдан өңделуіне үлес қосты.