Нұра ауданы СЭББ мамандары семинар өткізді

Нұра ауданы СЭББ мамандары семинар өткізді

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Тамақтанудың жаңа стандарты күшіне енеді. Осыған байланысты 2025 жылғы 26 тамызда Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «№100 орта мектеп» КММ базасында мектеп әкімшілігі, медицина қызметкерлері, бракераж комиссияларының мүшелері мен тамақпен қамту қызметін жеткізушілер үшін оқыту семинарын ұйымдастырды.

Басқарма басшысының орынбасары Қ. Мұратқызы түсіндірме баяндама жасады.

Семинарда тағамның сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа Тамақтану стандартының негізгі ережелері қарастырылды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің күнделікті бақылаудағы рөлін күшейту, мәзір жасауға қойылатын талаптар, азық-түлікті сақтау және дайындау шарттарын сақтау туралы айтылды.

Тамақтану процесіне қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу, сондай-ақ мектептер мен қызмет көрсетушілер арасында тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.