Байқоңыр ауданының СЭББ басшысының қатсысуымен семинар өтті

Байқоңыр ауданының СЭББ басшысының қатсысуымен семинар өтті

Байқоңыр ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың 7 тамызында “Байқоңыр” ауданы әкімдігінің базасында Байқоңыр ауданының аумағында орналасқан өнеркәсіптік объектілердің өкілдерімен “елді мекендерде тарихи қалыптасқан өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін санитариялық-қорғау аймақтарының мөлшерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі проблемалық мәселелер” және “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі бекіткен жол картасы” тақырыбында семинар өткізді. Бөлім басшысы тарихи қалыптасқан өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін санитарлық-қорғау аймағын азайту бөлігінде түсініктемелер берді.

Семинарға қатысушылар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.