Байқоңыр ауданындағы бассейндердің өкілдерімен семинар өтті

Байқоңыр ауданындағы  бассейндердің өкілдерімен семинар өтті

Байқоңыр ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары А. Ж. Сәрсенбаева және бөлім басшысы А.С. Саулебаева ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Байқоңыр ауданының аумағында орналасқан бассейндер өкілдерімен "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" тақырыбында семинар өткізді. Басқарма мамандары бассейндерді орналастыру және күтіп ұстау ережелерін сақтау, өндірістік бақылау жүргізу бойынша түсініктемелер берді. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес түсініктемелер берілді.