Кенеттен өлім әкелуші: менингококк инфекциясы туралы нені білу маңызды?

Кенеттен өлім әкелуші: менингококк инфекциясы туралы нені білу маңызды?

 

Менингококк инфекциясы – өлімге әкелу қаупі жоғары аурудың бірі. Бактерияның қоздырғышы  Neisseria meningitidis (менингококк) болып саналады.

Neisseria meningitidis қазіргі кезде 12 түрі белгілі, олардың   6 инфекцияның  ауыр ағымын туғызады. Менингококк тығыз капсула тәрізді сыртқы қабыққа ие, ол бактерияны адамның иммундық жүйесі тарапынан фагоцитозға ұшыраудан және жойылудан қорғайды. Менингококк капсуласының арқасында ағзаның қорғаныс факторларына төзімді болып келеді, бұл инфекцияның дамуына және аурудың ауыр өтуіне ықпал етеді.

Менингококк инфекциясы әсіресе балалар үшін өте қауіпті: статистика бойынша барлық науқастардың 70-80%-ын балалар құрайды. Бұл ауру балалар үшін ең қауіпті жұқпалы аурулардың қатарында бірінші орында тұр. Себебі, аурудың клиникалық белгілері әртүрлі болып келеді және өте тез дамиды. Әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар қауіп тобында.

Менингококк инфекциясының негізгі таралу жолы – ауа-тамшы арқылы: қоздырғыш адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескенде ауаға тарап, жұғады.

Тұрмыстық заттар немесе лас қол арқылы жұғу өте сирек кездеседі, себебі менингококк адам ағзасынан тыс ортада ұзақ өмір сүре алмайды және тез өледі.

Инфекция көзі – клиникалық белгілері бар науқас немесе симптомсыз тасымалдаушы. Орта есеппен ересектердің 25%-ы менингококк тасымалдаушылары болып табылады. Бұл топтағы адамдар қоршаған орта үшін аса қауіпті, себебі олар тұрақты түрде бактерия бөледі және инфекцияны жұқтыруы мүмкін.

Ауру жыл бойы тіркеледі, бірақ қаңтар мен мамыр айларында белсенділігі артады. Қыс пен көктем – аурушаңдықтың күрт өсетін кезеңі.

Инкубациялық кезең – 1 күннен 7 күнге дейін. Ауру назофарингит түрінде білінуі мүмкін, ал иммунитет әлсірегенде немесе созылмалы аурулар болған жағдайда ауыр асқынулардың дамуы ықтимал: іріңді менингит (ми қабықтарының қабынуы), менингоэнцефалит (ми қабықтары мен ми құрамының қабынуы), сепсис (қанға инфекция түсуі).

Менингококк инфекциясының белгілері жасқа және науқастың жалпы жағдайына байланысты өзгереді:

    1. Кішкентай балаларда:
    • Жиі құсу және біркелкі «милық жылау»;
    • Жарыққа, жанасуға және дыбысқа жауап бермеу немесе тітіркену;
    • Нашар тәбет немесе емшек/қоспадан бас тарту;
    • Дене қызуының құбылмалығы;
    • Үлкен еңбектің ісінуі және соғуы;
    • Арқа бұлшықеттерінің керілуі, басын артқа шалқайту (түймеленген шүріппеге ұқсас қалпы).
    1. Жасөспірімдер мен ересектерде:
    • Тамақ ішумен байланысты емес жеңілдік әкелмейтін жиі құсу;
    • Есінің шатасуы;
    • Бас және бұлшықет ауырсынуы;
    • Қызудың көтерілуі;
    • Жарыққа және жанасуға сезімталдықтың артуы, мазасыздық және ашушаңдық;
    • Мойынды бүккенде қатты ауырсыну, сол себепті науқас мәжбүрлі қалыпта болады.

Аурудың салдары:

    • Гидроцефалия;
    • Эпилепсия;
    • Есту қабілетінің бұзылуы;
    • Когнитивтік функциялардың төмендеуі;
    • Жүйке жүйесінің зақымдануы;
    • Ұзақ уақытқа созылатын оңалту кезеңі;
    • Аурудың қарқынды жылдамдығымен өтуі — кей жағдайларда бір тәулікте өлімге әкелуі мүмкін;
    • Мидың қабықтары зақымданғанда (менингит) өлім-жітім 20%-ға дейін жетеді.

Менингококк инфекциясының алдын алудың негізгі жолы аурудың алдын алу.

Арнайы емес профилактика шаралары:

    • Таза ауада серуендеу;
    • Бөлмені жиі желдету;
    • Дұрыс әрі теңгерімді тамақтану;
    • Иммунитетті нығайту және шынығу;
    • Еңбек, демалыс және ұйқы тәртібін сақтау;
    • Адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
    • Жеке гигиенаны сақтау: қолды жиі жуу, бір реттік қағаз майлықтар мен сулықтарды қолдану;
    • Суық тию белгілері бар ересектерге – жеке қорғаныс құралдарын (бетперде, респиратор) қолдану.

Өзіңе және жақындарыңа қамқорлық таныту – ең маңызды дүние.