Туляремия неліктен қауіпті?

Туляремия неліктен қауіпті?

Туляремия – Francisella tularensis бактериясы тудыратын жіті зооноздық жұқпалы ауру. Ол адамға қансорғыш жәндіктердің шағуы, ауру жануарлармен (әсіресе кеміргіштер) жанасқанда, ластанған су немесе аэрозоль арқылы жұғады. Ауру әртүрлі формада пайда болуы мүмкін - жаралы-бубондыдан пневмониялыққа дейін.

Негізгі профилактикалық шараларға мыналар жатады:

    • Санитарлық-эпидемиологиялықшаралар (кеміргіштерпопуляциясын бақылау, аумақты санитарлық өңдеу).
    • Жеке қорғаныс (киім, жәндіктергеқарсықұралдар).
    • Иммунизация – вакцинация.

Туляремияның алдын алуда вакцинацияның рөлі

Профилактикалық вакцинация

Francisella tularensis штаммынан алынған тірі аттенуирленген вакцина қолданылады

Вакцина тері арқылы (скарификация) немесе аэрозоль арқылы енгізіледі.

Иммунитет 2-3 апта ішінде қалыптасады және 5 жылға дейін созылуы мүмкін.

Вакцинацияның мақсатты топтары:

    • Туляремия эндемиялықаймақтардатұратын адамдар
    • F. tularensis-пен жұмысжүргізілетінзертханалардағы жұмысшылар.
    • Аңшылар, орманшылар, әскериқызметкерлержәне басқа да кәсіби тәуекел топтары.
    • індетошақтарынданемесе эпидемия қаупі төнген кезде вакцинацияланатын халық.

Вакцинацияның тиімділігі:

    • Қоздырғышпенжанасқанда да жұқтыруқаупін азайтады.
    • Аурудыңауыртүрлерінің дамуын болдырмайды.
    • Жұқтырғанжағдайдааурудың жеңіл өтуіне ықпал етеді.

Вакцинация эпидемиологиялық маңызы жоғары аймақтарда туляремияның алдын алудың негізгі элементі болып табылады. Тиімділігі мен қауіпсіздігіне байланысты вакцина алдын алу шараларының тізіміне енгізілген.