Инфекциялық емес аурулардың алдын алу ретінде ұнды фортификациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Инфекциялық емес аурулардың алдын алу ретінде ұнды фортификациялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті
Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен 2025 жылдың 1 шілдесінде Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Инфекциялық емес аурулардың алдын алу ретінде ұнды фортификациялау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Іс-шараға Астана қаласы аудандық әкімдіктерінің, Астана қаласы Кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында инфекциялық емес аурулардың алдын алу ретінде ұнды фортификациялау мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың құрамын төмендету, тұзсыз нан шығару мақсатында әкімдіктер мен өндірушілер арасында келісімдер жасасу бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.