Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен 2025 жыл 1 шілдеде Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында “Натрийді артық тұтынудың халық денсаулығына әсері. Қазақстан Республикасында тұзды тұтынуды азайту жөніндегі саясаттың ұсынылып отырған шаралары. Инфекциялық емес аурулардың алдын алу ретінде ұнды фортификациялау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Іс-шараға Астана қаласы аудандық әкімдіктерінің, Астана қаласы Кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында натрийді артық тұтынудың халық денсаулығына әсері, әлемдегі және Қазақстандағы тұз тұтыну жағдайы, Қазақстан Республикасында тұз тұтынуды төмендету бойынша ұсынылатын саясат шаралары, сондай-ақ инфекциялық емес аурулардың алдын алу ретінде ұнды фортификациялау мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша нан мен нан-тоқаш өнімдеріндегі тұздың құрамын төмендету, тұзсыз нан шығару мақсатында әкімдіктер мен өндірушілер арасында келісімдер жасасу бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.